Өрттен кейін аумақты бақылау үшін қалдырылған бөлім жетекшісіне ғимарат әкімшілігінен 5 адамның жоғалғаны жайлы ақпарат түскен. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова баяндады, деп хабарлады Caravan.kz.
Еске сала кетсек,алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18-11-де жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде 6 қабатты «Almaty Towers» бизнес орталығының ғимаратының шатыры жанып жатты.
Жалын шарпыған аймақ 1800 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге 150 жеке құрам мүшесі мен 34 техника қатысты. Сонымен қатар тілсіз жаумен күресуге Ұлттық ұланның 50 жауынгері, Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері, қосымша 30 техника жұмылдырылды. Зертхана мамандары осы уақытта өрттің неден тұтануы мүмкіндігін зерделеуде, – делінген хабарламада. Бұған дейін бір адамның көз жұмғаны хабарланған.