Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр

Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр

Олар ғылыми бағдарламалар бойынша білім алуға барған

  • 10 Қаңтар
  • 4
ФОТО: РИА Новости

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ АҚШ-тың Калифорния штатында қазақстандық 73 стипендия иегері, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 56 адам және «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша 17 адам білім алып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта штатта өрт өршіп тұр, бірақ барлық студент қауіпсіз жерде және кураторларымен байланыс орнатқан, деп хабарлады орталық.

«Стипендия иегерлері жергілікті биліктің ұсынымдарын орындап, жағдайды жедел хабардар етіп отыр. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске дайын отырмыз», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Калифорнияда жойқын өртке байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.