Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Өртеніп жатыр. Отан — орманым. Істеген жауыздығымыз бен ұятсыздығымыздан, біз өртенбей әлі тірі жүрміз. Ал, орман — отан — өртеніп жатыр. Біз үшін жанып жатыр. Біз үшін ағаштар жанын құрбандыққа шалды. Бізді тазарту үшін. Бізді ояту үшін. Ояна аламыз ба?! Ішіміз баяғыда өртеніп кеткен. Енді өрт сыртқа шықты. Елімізге ие бола алмадық. Жерімізге ие бола алмадық. Асқақ, айбынды бабалар бұрын жаны кірлегенде от арқылы тазаратын. Бізге де тазаратын уақыт келді. Тазара аламыз ба?
Ал орман-отан өртеніп жатыр. Өрттей отты
ұлдарының жоқтығынан", деп жазды.