Өрттен зардап шеккен спортшы Р.Балиеваға басқа баспана беру мәселесі шешілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрттен зардап шеккен спортшы Р.Балиеваға басқа баспана беру мәселесі шешілмек

Өрттен зардап шеккен спортшы Р.Балиеваға басқа баспана беру мәселесі шешілмек

Ақтөбе әкімі Архимед Мұхамбетов танымал ақтөбелік спортшы, самбодан әлем чемпионы, халықаралық санаттағы спорт шебері, әлем және ел біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Раиса Балиевамен кездесті,

  • 29 Маусым 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Маресьев көшесіндегі коммуналдық үйдегі спортшы отбасымен тұратын бір бөлмелі пәтерде өткен жұма күні өрт болған еді. Дүйсенбі күні спортшы көмек сұрап, қала әкіміне өтініш жазды.

Әкім спортшыға уақытша тұруға бір бөлмелі пәтер берудің мүмкіндігін іздестіріп, мәселені шешіп берді.

А.Мұхамбетов сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының мәжілісінде Раиса Балиеваға басқа баспана беру мәселесін қарастыруды тапсырды . Әкім сондай-ақ, салық бөлімі мен тұрғын үйлерді есепке алу секторынан коммуналдық және жалға берілетін үйлердегі пәтерлерді жалға беру фактілерінің заңдылығын тексеру жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Соңғы жаңалықтар