Өрттерде егде жастағы адамдар қаза табуда
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында сенбі күні таңертең 4 пәтерлі үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен. |
Жалын екі сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 72 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Бұрын хабарланғандай, Көкшетау қаласында болған өрт кезінде күйік шалған 87 жастағы зейнеткер қаза тапты, оның 60 жастағы баласы ауруханаға жеткізілді. Өрт үйдегі тұрмыстық газ баллонын қосу кезінде болған газ-ауа қоспасының шығуынан болды, өрт 60 шаршы метр аумаққа тарады.
Өртті сөндіру кезінде 47 адам (соның ішінде 5 бала) қауіпсіз жерге көшіріліп, туыстарына жайғастырылды. Жалынмен күрес жүргізуде ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД-гі «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 30 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін