Орынбасарларынан кейін Қостанай қаласының әкімі де қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орынбасарларынан кейін Қостанай қаласының әкімі де қамауға алынды

Орынбасарларынан кейін Қостанай қаласының әкімі де қамауға алынды

Қостанай әкімдігінде жемқорлық дауы жалғасын тапты! Ахметбек Ахметжанов шаһар басшысы орынтағын босатқанына бірер сағат өтпей жатып қамауға алынды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Естеріңізге сала отырайық, оның қос орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян да пара алып, қолға түскен болатын.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бар-жоғы екі айдың ішінде Қостанай әкімдігі бірнеше басшысынан айырылды. Әуелі қала әкімінің қос орынбасары Қалиев пен Аракелян пара алғандықтары үшін тұтқындалды. Біріншісі – автокөлік құжаттарын рәсімдейтін орталықты салып бітіруге рұқсат беруі үшін 13 млн теңге талап етсе, екіншісі әлдебір компанияның мүддесін қорғаймын деп 300 мың теңге пара алған. Енді кешегі күнге дейін Қостанайды басқарған Ахметбек Ахметжанов та қолға түсті. Бір қызығы, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов оны ұсталғанға дейін босатып үлгерген.

Мирас Адамбаев, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі:

— 9 қыркүйек күні Қостанай қаласының № 2 сотына 1966 жылы туған Ахметжанов Ахметбек Масақбайұлының ұсталғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оған Қылмыстық Кодекстің 307-ші бабының 4-ші тармағында көзделген «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылды.

Ал қаланың билігі – экс-әкімнің бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібековтің қолында қазір.


Әсия Аймағамбетова, Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

— Қала әкімінің міндетін уақытша атқару үшін Қайрат Сәндібеков тағайындалды. Ол бұрын экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына басшылық еткен еді.

Қалалық әкімдікте қазір құлаққа ұрғандай тыныштық. Қызметкерлер де бір-бірімен келісіп алғандай, ақпаратқа сараң.

Облыс әкімдігіндегі жағдай да дәл осы. Олар Ахметбеков ұсталған кезде қала басшысы қызметінде болған жоқ деп қысқа қайырды. 

Соңғы жаңалықтар