"Орынбор - қазақтың жері": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орынбор - қазақтың жері": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

"Орынбор - қазақтың жері": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

  • 13 Қаңтар 2020
  • 1887
Фото - Caravan.kz

Исламбек Қуат: Орынбор — қазақтың жері

«Орынбор» футбол клубына «Қайраттан» еркін агент ретінде қосылған қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат өзінің шешіміне түсінік берді.

Бұл туралы Sport24.ru порталы хабарлайды.

«Командаға рахмет, жігіттер жақсы қарсы алды. Бапкерлер құрамымен сөйлестік. Жұмыс жасап, әрі қарай жылжу керек. 

Орынборға келетін болсақ, мен өзімді басқа бір чемпионатта сынап көргім келді. Бұл команда тарапынан қызығушылық болды. Олар қоңырау шалып, маған ұсыныс жасады. Мен бірден келістім, өйткені Орынбор — Қазақстанға жақын орналасқан. Қазақстанның алғашқы астанасы болған жер, қазақтың жері.

Мен осы клубқа келгеніме өте қуаныштымын, мен командаға көмектесуге және барымды салуға тырысамын », — деді Қуат клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бүкіл қазақстандықтар мемлекет тілуін білуін керек

Қазақстанда Тіл саясатын іске асыру үшін 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, оған сәйкес республика халқының 95% 2025 жылға қарай мемлекеттік тілді білуі керек.

Бұл туралы News-front ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік бағдарлама авторлары оның басты мақсаты — қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «үйлесімді тіл саясатын» жүргізу деп атап өтті. Әзірлеушілер сондай-ақ жаңа бағдарламада бай тарихи және мәдени базасы бар қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде толықтай жұмыс істеуі үшін барлық құралдар бар екенін айтады.

Бағдарлама авторлары қазіргі уақытта қоғамның кейбір салаларында қазақ тілі оның құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін деңгейде қолданылмайтынына басты назар аударды.


Қазақстандық студент Мәскеуде екі айға қамалды

Қазақстандық студент, МГИМО университетінің студенті Асылбек Хисами белгілі жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкийдің ұлын тонағаны үшін екі айға абақтыға қамалды.

Бұл туралы ТАСС басылымы хабарлайды.

"Сот тергеушінің талабын қанағаттандырып, Қазақстаннан келген Асылбек Хисамиге қатысты алдын ала шешіп шығарып, оны екі айға темір торға қамады. Оған қарсы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 161-бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хабарламаларға сәйкес, Хисами МГИМО-ның студенті", — деді сот.

Кіші Жванецкийге шабуыл бірнеше күн бұрын Мәскеудегі Минск көшесіндегі мейрамхана жанында болған. Екі адам жазушының ұлына шабуылдап, оны ұрып, сағат пен ақшаны алып кеткен. Материалдық шығын 13 мың рубльді құрады. Көп ұзамай шабуылдаушылар ұсталды. Олардың біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, екіншісі әзірге куәгер ретінде ғана жауапты.