Орынборда А.Байтұрсынов тұрған үйге ескерткіш тақтаның орнатылуы Қазақстан Үкіметі бастамасымен жүзеге асты - Р.Имаханбетова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орынборда А.Байтұрсынов тұрған үйге ескерткіш тақтаның орнатылуы Қазақстан Үкіметі бастамасымен жүзеге асты - Р.Имаханбетова

Орынборда А.Байтұрсынов тұрған үйге ескерткіш тақтаның орнатылуы Қазақстан Үкіметі бастамасымен жүзеге асты - Р.Имаханбетова

Орынборда 1 және 2-жалпықазақ съездері өткен және А.Байтұрсынов тұрған үйге ескерткіш тақтаның орнатылуы Қазақстан Үкіметі бастамасымен жүзеге асты.

  • 25 Қараша 2010
  • 732
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматыдағы А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Райхан Имаханбетова мәлім етті.

Оның айтуынша, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өткен жылы РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путиннің атына осы мәселе жөнінде арнайы хат жазды. Міне, соның нәтижесінде Орынбор облысы басшыларының қолдауымен 1 және 2-жалпықазақ съездері өткен және Ахмет Байтұрсынов 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетін шығарған үйлерде ескерткіш тақталар орнатылды.
«Бұл оқиғаның тарихи маңызы зор. Өйткені Орынбор кезінде қазақ халқының рухани, мәдени орталығы болды. Өткен ғасыр басында осында Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары еңбек етті. Ескерткіш тақта солардың басқан ізін, атқарған қызметін кейінгі ұрпаққа, шет елге таныту үшін керек», деді Р.Имаханбетова.