Орынборда алғашқы қазақ үкіметін құрған қайраткерлердің құрметіне Достық саябағы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орынборда алғашқы қазақ үкіметін құрған қайраткерлердің құрметіне Достық саябағы ашылады

Орынборда алғашқы қазақ үкіметін құрған қайраткерлердің құрметіне Достық саябағы ашылады

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков бейсенбі күні Орынбор мэрі Юрий Мищеряковпен келіссөздер өткізді, деп қазақ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында Орынборда қазақтың тұңғыш үкіметі, Алаш Орда үкіметінің негізін қалаған қоғамдық-саяси қайраткерлерге арнап Достық саябағын салу мәселесі сөз болды. Бірлескен жобаны Орынбор басшылары мен Астана әкімдігі жүзеге асырмақ», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

З.Тұрысбеков Достық саябағы Қазақстанның бұрынғы және қазіргі елордаларының арасындағы тарихи байланыстың, сабақтастық пен бірліктің символына айналады деп атап өтті.
Өз кезегінде Ю.Мищеряков қала басшылары Достық саябағын салу үшін Орынбордан жер телімін бөлу мәселесін қарастырып жатқанын және мәдени-гуманитарлық жобаның құқықтық жағына қатысты мәселелер де шешіліп жатқанын алға тартты.

Перейти к новостям спорта