"Орындалды": Орманшылардың жалақысына 100% үстемақы төленетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орындалды": Орманшылардың жалақысына 100% үстемақы төленетін болды

"Орындалды": Орманшылардың жалақысына 100% үстемақы төленетін болды

Осылайша ағымдағы жылдың соңына дейін орман мекемелерінің қызметкерлеріне көзделген үстемеақылар толық көлемде төленетін болады.

  • 1 Қараша
  • 23
Фото: ЖИ ұсынған

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы былтырдан бері орманшылардың жалақысы жайында өзекті мәселені көтеріп келе жатыр. Бүгін сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Депутаттық сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың жауабы келді.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты депутаттық сауалды қарастырып, келесіні хабарлаймыз делінген:

2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақысына 100% дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленді.

Анықтама: нәтижесінде орманды қорғау жөніндегі инспектордың орташа жалақысы 141 мыңнан 276,7 мың теңгеге дейін, орманшылық басшысының орташа жалақысы 181 мыңнан 357 мың теңгеге дейін, басшы құрамның жалақысы 198 мыңнан 361 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Мәселен, аталған қосымша төлемді жүзеге асыру үшін 2024 жылға 7,4 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, сондай-ақ түзету шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін қосымша 2,6 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Дегенмен, елдегі су тасқыны жағдайына байланысты қосымша қаражат бөлінбеді. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп басқа бағыттар бойынша қайта бөлу және үнемдеу шеңберінде жергілікті бюджеттер есебінен қалған соманы бөлу мәселесін пысықтады.

Осылайша ағымдағы жылдың соңына дейін орман мекемелерінің қызметкерлеріне көзделген үстемеақылар толық көлемде төленетін болады.

Орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлеріне (орман өрт сөндіру станцияларының бастықтары, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, өрт сөндіру-бақылау мұнарасының бақылаушылары, өрт сөндірушілер және т.б.) олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы төлеу бойынша былай делінген:

Бұл үстемақы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Қазіргі уақытта Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарында қосымша ақы қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында қаржыландыру бойынша кешіктірулер орын алды.
Бұл ретте қажетті үстемеақылар қайта бөлу және үнемдеу есебінен биылғы жылдың соңына дейін толық көлемде төленетін болады.