О.Рыпакова: «Менің елім - Қазақстаным!» деп қазақша ұран салды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
О.Рыпакова: «Менің елім - Қазақстаным!» деп қазақша ұран салды

О.Рыпакова: «Менің елім - Қазақстаным!» деп қазақша ұран салды

Астанаға XXX Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова келді.

  • 11 Тамыз 2012
  • 2001
Фото - Caravan.kz

Кеше ол «Қазақстан» концерт залында өткен «Менің елім — Қазақстаным!» атты патриоттық әндер концертіне қатысты.

Концерт барысында ол сахнаға шығып, сөз сөйледі. «Бүгін біз бәріміз жиналып, біртұтас Қазақстан екенімізді тағы бір мәрте көрсеттік. Сонау Лондонда біз Қазақстан халқының қызу қолдауын сезіп жүрдік. Осының арқасында біз жеңіске жеттік. Әлі есімде, мінберге көтеріліп, Қазақстанның Әнұраны ойнаған кезде, менің бойымды өз елім үшін мақтаныш сезімі биледі. Дәл сол уақытта менің туған қалам — Өскемен және біздің әсем Астанамыз көз алдыма келді. Әрине, отандық спортқа жан-жақты қолдау жасап жатқан біздің Президентімізге алғысымыз шексіз. Мен білемін, алда бізде әлі талай жеңістер болады», — деді XXX Олимпиада ойындарының чемпионы О.Рыпакова. Сөз соңында ол: «Менің елім — Қазақстаным!»,- деп таза қазақ тілінде ұран салды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера