"Орыс әлемі дүрлікті": Ресейдегі танымал тұлға Песковтың қызы ораза ұстауға ниеттеніп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс әлемі дүрлікті": Ресейдегі танымал тұлға Песковтың қызы ораза ұстауға ниеттеніп отыр

"Орыс әлемі дүрлікті": Ресейдегі танымал тұлға Песковтың қызы ораза ұстауға ниеттеніп отыр

Дмитрий Сергейұлы Песковты білмейтіндер аз. Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің экс-президенті, экс-премьер Дмитрий Медведовтен және РФ сыртқы істер министрі С.Лавровтан кейінгі танымал тұлға. Ресей қоғамында да, Ресей қоғамынан тыс жерде де. Әйтсе де былайғы жұрт оның Путиннің тек баспасөз хатшысы ретінде таниды.

  • 24 Сәуiр 2020
  • 672
Фото - Caravan.kz


Бұдан бөлек, оның бір басында толып жатқан жауапты әрі ресми қандай қызметтердің құлағын ұстағанын біле бермейді. Егер Уикипедия электронды анықтамада келтірілген дерекке сенсек, Песковыңыз Ресейдің мемлекет қайраткері, РФ президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары секілді атағынан ат үркетін лауазым иесі. Хош. Сол Песковтың қызы Елизавета Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында биылдан қалмай қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға ниеттеніп отырғанын жеткізіпті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы islam.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Жай жеткізіп қойса, бір сәрі, Ресей патриархы Кирилге сын садағын кезеп тұрып жазыпты. Оның жазуынша, патриарх дін адамына жараспайтын сән-салтанатты кортежімен сенім тудырмайды. Бұдан бөлек, Елизавета ханым будда наным-сенімімен де танысқанын айта келіп, жанына ислам жақын екенін жазыпты. Мұны аттай қалап, несіне сөз етіп отырмыз? Ресей қоғамы, дәлірегі, орыс әлемі православтық таныммен біте қайнасқан. Праволавсыз орыс мәдениетін, орыс салтын елестете алмайсыз. Соңғы жылдары ұлты орыс Ресей азаматтарының арасында исламға өтіп жатқандардың қарасы көбейіп келеді. Нақты статистикалық мәлімет жоқтың қасы. Соған қарамастан Ресейдің бетке ұстар тұлғаларынан бөлек қарапайым азаматтардың тілін кәлимаға келтіріп жатқаны турасындағы ақпарат әдепкі «көрініске» айналған. Ресей элитасы да исламға әдеттегі толеранттылық секілді жаттанды ұғымның аясынан шығып, тереңірек үңіле бастағанын айтуға тиіспіз.

Соңғы жаңалықтар