«Орыс болғанымыз соншалық, шапан кисе таң қалатын болдық»: Қостанайда ұлттық киім киіп, жолаушы тасыған автобус жүргізушісі желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орыс болғанымыз соншалық, шапан кисе таң қалатын болдық»: Қостанайда ұлттық киім киіп, жолаушы тасыған автобус жүргізушісі желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО)

«Орыс болғанымыз соншалық, шапан кисе таң қалатын болдық»: Қостанайда ұлттық киім киіп, жолаушы тасыған автобус жүргізушісі желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Желіде ұлттық киім киіп, автобус жүргізген қоғамдық көлік жүргізушісің видеосы тарады.

  • 15 Наурыз 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Оқырмандар көлік жүргізушісінің бұл әрекетіне сүйсініп, жылы тілектерін жаудырған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Ұлттық нақыштағы шапан мен тақия киген автобус жүргізушісінің видеосы желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды.

Ролик авторы «Қалай сізге ұнады ма?» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары осы видеоға қатысты жылы тілектерін жаудырған. Алайда олардың арасында «Орыстанып кеткеніміз соншалық, шапан кисе таң қалатын болдық» деген пікір иелері де болды.

«Неге бәріміз осылай киініп жүрмеске», «Жарайсыз аға!», «Керемет. Өзімізді өзіміз көтермесек ешкім сырттан келіп көтеріп бермейді бауырларым», «Осылай болу керек қой, жұғысты болсын басқаларға. Бәріміз киеміз әлі», «Орыстанған қазақтарды өздерінің қай ұлт екені естеріне түсірсін дұрыс» деп жазды олар.


 

Соңғы жаңалықтар