"Орыс досың болса, жаныңда айбалта болсын": Меруерт Түсіпбаева Анна Данченконы сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс досың болса, жаныңда айбалта болсын": Меруерт Түсіпбаева Анна Данченконы сотқа бермек

"Орыс досың болса, жаныңда айбалта болсын": Меруерт Түсіпбаева Анна Данченконы сотқа бермек

Әнші Меруерт Түсіпбаева "сырға салу" рәсіміне ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекке қатысты пікір білдірмегенін айтты. Түсіпбаева сөзін бұрмалап әрі сұхбатын монтаждап тастаған журналист Анна Данченконы сотқа бермек.

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 5212
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өз сұхбатын желіден көріп, сөзін бұрмалаған журналистке ашуланып, ел алдында өзінен кешірім сұрауын талап етті. Түсіпбаеваның айтуынша ол тек қана қазақ қыздарының ашық-шашық киінуі жайында пікір білдірген. Ал белгілі бағдарлама оны Айсәуле Бақытбекті жамандағандай еті шығарған.

"Аня-көршім,деп жүрсем. (Орыс досың болса,жаныңда айбалта болсын ) Сеніп жүрсем, подставила меня.  Мен желіде ешкімге жазылмағанмын, теледидар қарамаймын. Біреудің не киіп, не ішкенінде шаруам жоқ. Біреудің инстасын ақтарып, өмірімен қызықпаймын.  Маған қойған сұрағы -жалпы қазақ қыздары салт-дәстүрді ұстанбауы (таң қалып кім солай киінді? — дегенде жалпы жастар бар — деп жауап берген). Менен тойында, "өз қуанышында жалпы шалбар киген, ішін ашқан қыздарға көзқарасыңыз " — деген сұрақ қойды. Сұрақ мүлдем басқа, нақты белгілі адамдар жайында болған емес. Монтаждап , кесіп, сұрақты Айсаулеге бұрып ,тағы бір соғысты күтіп отыр . Мен бұл отбасыға қатысты сұрақтардан аулақ жүрген адаммын. Менің келіспеушілігім тек сериалға қатысты болды, басқасында шаруам жоқ. Сорлы аңқау қазақ , қазақша сөйледі деп — микрофон бердік , трибуна талайға. Мен Россияға барсам (тым жақсы орымшам бар) маған сондай тақ (бақ) бере ме? Ватсапқа Аннаға xат жаздым, адвокатыма звондадым, Анна кешірім сұрамаса — сотқа беремін", — деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Меруерт Тусiпбаева. (@meruert_tusupbaeva) on

Меруерт Түсіпбаева өзінің қоңырауына жауап бермеген Анна Данченкоға желі арқылы үндеу жолдады.

"Анна,менімен ойнапсың. Кешірім сұра, көпшілік алдында. Баян, Айсауле -деген есімді менің сұxбатымнан тауып көр, мен дәлелдеймін. Анна сотканы көтер,адвокатым іздеп отыр сені" — деді Түсіпбаева.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Меруерт Тусiпбаева. (@meruert_tusupbaeva) on

 Белгілі болғандай Түсіпбаева шыққан бағдарламаны "Youtube" желісінен алып тастаған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Меруерт Тусiпбаева. (@meruert_tusupbaeva) on