"Орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай кетуі керек еді": Путин КСРО республикалары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай кетуі керек еді": Путин КСРО республикалары туралы айтты

"Орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай кетуі керек еді": Путин КСРО республикалары туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин КСРО құрамынан шыққан республикаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасында көрсетілген Павел Зарубиннің "Россия. Кремль. Путин" фильмінде айтты.

  • 22 Маусым 2020
  • 320
Фото - Caravan.kz

Интервью Вести.Ru сайтында жарияланды, деп жазды tengrinews.kz

Путин Кеңес Одағы құрылған кезде республикалардың келісімнен шығу құқығы белгіленгенімен, бұл тәртіп реттелмегенін атап өтті.

"Кеңес Одағы құрылған кезде келісім шартта шығу құқығы көрсетілді. Алайда рәсім жазылмаған. Осы жерде сұрақ туындайды: егер республика Кеңес Одағының құрамына кірсе, бірақ Ресейдің көптеген жерін, яғни Ресейдің тарихи территорияларын өз қолдарына алған болса, алайда кенеттен бұл Одақтан шығуға шешім қабылдады. Өзімен бірге орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай қайтуы керек еді. Алайда мұның барлығы жазылмаған. Мен қолданыстағы Конституцияға түзетулер енгізіп, дұрыс істеп жатқанымызға сенімдімін", — дейді Ресей Президенті.