Орыс саясаткері Навальныйға Шешенстандағы мыңдаған адам қатысқан митинг ұнамай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс саясаткері Навальныйға Шешенстандағы мыңдаған адам қатысқан митинг ұнамай қалды

Орыс саясаткері Навальныйға Шешенстандағы мыңдаған адам қатысқан митинг ұнамай қалды

Шын мәнінде оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға шешендердің дінге деген бірлігі ұнамаса керек. Әйтеуір ол салық төлей отырып өзімізге қауіпті жағдай туғызып жатырмыз деген мағынада ой айтқан.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 2685
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz хабарлады.

Тыңдаңыздар және үрейленіңіздер. Біз Ресейдің өз ішінде "экстермистік исламшыл жүйе" орнаттық. Орыс тілінде сөйлейтіндер есте сақтап алыңдар, бұл бізге және бүкіл әлемге "жанкештілер әскерімен" қауіп төндіреді, деп орыс әлеміне ескерту жасап қояды. 

Еске салсақ, 4 қыркүйекте Шешенстан астанасы Грозный қаласында Мьянмадағы мұсылмандарды қолдау мақсатында митингі өтті. Оған жүздеген мың адам қатысып, елдің басшысы Рамзан Қадыров пен бірқатар дінбасылар сөз сөйледі. Соңынан бесін намазы оқылған болатын.

Ал негізінен буддизмді ұстанатын Мьянмада  мұсылмандардың азапталып жатуы ислам елдерін мазасын қашыра бастады.Мәліметтер бойынша Мьянмада буддашылар мен мұсылмандар қақтығысынан 400-ден астам адам қаза тапқан.