Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
«Әзірбайжанға ядролық бомба тастау керек деген ресейлік депутат Михаил Делягинге Әзірбайжан халықаралық іздеу жариялады. Есуас депутат кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Германияда тұратын бір орыс әйел АҚШ-қа ядролық қару қолдану керек деген комментарий жазыпты. Неміс өкіметі оны Ресейге депортациялағалы жатыр.
Қазақстанда ше? Альжан Исмагулов деген біреу бар. Орыс шовинизмі туралы бірдеңе айтып көзіне түссең үстіңнен дереу арыз қуалайды. Қазақ соты бес жылға айдап жібереді. Бұған дейін оның арызымен екі қазақ сотталған. Енді сол екеуіне араша түскен журналист Dinara Seisen сотталғалы жатыр.
Бірақ бізде қазақты қорлайтын неше түрлі сөз жазуға, Путинді мадақтауға, тіпті оны шақырам деп қорқытуға болады. Өйткені сөз бостандығы",- деді тілші.