"Орыс тілділерге Қазақстанда жол жоқ па?": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс тілділерге Қазақстанда жол жоқ па?": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

"Орыс тілділерге Қазақстанда жол жоқ па?": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Орыс тілді қауымға Қазақстанда жол жоқ па?

  • 27 Қаңтар 2020
  • 352
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның біздің ел туралы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

Орыс тілділерге Қазақстанда жол жоқ!

Руссофобиялық бастама одақтас ел сияқты болып көрінетін Қазақстанда талқыланды, — деп жазды 'Экспресс газета' басылымы.

Орыс тіліне қарсы шаралар ұсынылды.

Мәселен, танымал Abai.kz порталында жарияланған мақала үлкен резонанс тудырды.

— Отарлаушылар тіпті елді азат етсе де, өздерінің тілдерін, жазбаша тілдері мен шіркеулерін қалдырды. Бұл елдер толықтай тәуелсіз бола алмауы үшін жасалған дейді, — автор. Автор Украинаны мақтап: Украина фильмдерде, кітаптарда, жарнамаларда орыс тілінен бас тартты, тіпті шіркеулер Мәскеу Патриархатының бақылауынан шықты, — деп жазған басылым.

Қазақстан бұл жолмен жүруі керек дейді олар. Сонымен қатар, орыс тіліне арналған латын алфавитін ойлап тауып, оған тек латын әріптерімен жазуды ұсынған.

Әрі қарай 'Экспресс газета' басылымы Қазақстанның ешқашан тәуелсіз ел болмағанын жазып, Abai.kz порталының мақаласы ресейлік әріптестерімізді ренжітіп қойған сыңайлы.

Орыстар Қазақстаннан жаппай көшуде

Көші-қон нәтижесінде Қазақстаннан 26 мыңнан астам көшіп кеткен, олардың 17,4 мыңы — еңбекке қабілетті адамдар.Көшіп кеткендердің басым көпшілігі орыстар болса, Қазақстанға көшіп келіп жатқандар қазақтар.

Бұл туралы Eadaily.com басылымы хабарлады.

Қазақстаннан 2019 жылдың үш тоқсанында 34,2 мың адам көшіп кеткен, ал 8 мың адам көшіп келген.

Бұл көрсеткіштерден Қазақстан тұрғындарының саны – 26,2 мың адамға азайғанын байқауға болады, олардың 17,4 мыңы — еңбекке қабілетті адамдар.

Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин үкіметке Қытайдан транзиттік жолаушылар үшін елде 72 сағаттық визасыз болу режимін тоқтата тұруды бұйырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.


Мамин сонымен бірге шекарадан өткізу пункттерінде — объектілерде, ұшақтарда сондай-ақ автомобиль және теміржол көлігі объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды "Взгляд" басылымы.

Қытайдан таралатын коронавирусты 2 мыңға жуық адам жұқтырды, 56 адам қайтыс болды. Вирус, оның ішінде Ресеймен шекаралас ҚХР аймақтарына да еніп, Еуропаға жетті.

Қазақстан Беларуссияға Ресей арқылы мұнай транзиті туралы келіссөздерде делдал болмайды

Қазақстан Беларуссияға Ресей арқылы мұнай жеткізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылауды жоспарламайды, Беларусь тарапы бұл келіссөздерді дербес жүргізеді. Бұл туралы жексенбіде ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп жазады ТАСС басылымы.

«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Беларусь арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздер мен жұмыс кеңестері тұрақты режимде жүргізілуде. Қазақстан мұнайын Беларуссия арқылы Беларуссияға жеткізу мүмкіндігі туралы мәселені Беларусь әріптестері Ресей тарапымен жеке талқылайды» , — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның Беларуссиядағы елшісі Асқар Бейсенбаев Қазақстан Транснефть компаниясымен Беларуське мұнай транзиті туралы ауызша келісімге қол жеткізгенін айтқан болатын. Қазақстанның Энергетика министрлігі Беларуссияға «Дружба» жүйесі арқылы мұнай жеткізудің Беларуссияның бастамасы екенін атап өтті. Сонымен бірге, қазақстандық тарап Беларусь пен Ресей Федерациясы арасындағы осындай транзит бойынша келіссөздер қажет екенін атап өтті. Энергетика министрлігі Беларуссияны дайын мұнай өнімдеріне емес, жылына 3,2 миллион тоннадан астам мұнай, нафта, мазут түрінде өңдеуге арналған шикізатқа көбірек қызығушылық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар