Жарияланды: 3000

"Орыс тілі нан сұрап алу үшін де жарамай қалады". Орыс тілінің Болондық жүйеден алынып тасталғаны айтылды

"Орыс тілі нан сұрап алу үшін де жарамай қалады". Орыс тілінің Болондық жүйеден алынып тасталғаны айтылды Сурет - Qazaq газеті

Әлемде орыс тілінің керексіз болып бара жатқаны жиі айтылуда. 

Мысалы Ардақ Әшім орыс тілінің Болондық жүйеден алынып тасталғанын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.  

"Орыс тілін — Болондық жүйесінен алып тастады. Енді бұдан кейін ешқандай да дамыған ел, орыс тілін — ТІЛ деп есептемейтін болады. Тіпті орыс тілі енді шетел тілі ретінде де есепке алынбайды. Ал біздегі қара орыс мәңгүрттер — орыс тілін екінші сыныптан бастап оқытпақшы. Алдағы уақытта орыс тілі тіпті нан сұрап алу үшін де жарамай қалады. Ал біздің мәңгүрт өкімет, келешек ұрпақ дамымай орта ғасырда қалсын дегендей, орыс тілін әдейі конституцияда қалдырып отыр. Конституцияда мемлекеттік тілмен қатар, орыс тілінің қосарланып тұруы — Қазақ Елінің абыройын түсіреді. Қазақ Тілімен — орыс тілі қатар тұруға, ешқандайда лайықты емес!

Енді орыс тілі тек орыс әлеміндегі батпаққа батыратын бағытты ғана көрсететін тіл болады. Сондықтан ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ мемлекеттік тіл Қазақ Тілі, ал шетел тілі ретінде ағылшын тілі ғана оқытылуы тиіс!",- деп жазды Ардақ Әшім. 

Еске салсақ, қазақ мектептерінде орыс тілінің екінші сыныптан бастап оқытыла бастайтыны жайлы Білім министрі Асхат Аймағамбетов айтқан болатын. Бұған қоса елімізде Ресей оқу ордаларының филиалдары ашылатыны белгілі

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін