Орыс тілі оқулығы тағы да ата-аналардың түсінбеушілігін тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс тілі оқулығы тағы да ата-аналардың түсінбеушілігін тудырды

Орыс тілі оқулығы тағы да ата-аналардың түсінбеушілігін тудырды

Орыс тілі оқулығындағы тапсырма қазақстандық әлеуметтік желінің қолданушыларын ойландырып тастады. Zhanetta Begakhmetova атты қолданушы, жетінші сынып оқулығынан оқушыларға арналған тапсырма өзінің ашуын тудырғанын жазды. 

  • 31 Тамыз 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің Facebook жеке парақшасында: "Таңертеңнен шашым тік тұрды. Авторы Сәбитова болатын, 7 сыныпқа арналған орыс тілі оқулығын оқып шықтым. Мен оның нені шегіп немесе иіскейтінін білмеймін,  алайда оның жазғаны ең аз дегенде түсінбестік тудырады. Сіз бауырсақтың визит карточкасын білесіз бе?! Мен нанның өзіндік визит карточкасы болды деп ойламаппын… " – деп жазды. 

Мұндай деңгейдегі ашуды тудырған жағдай, авторлардың ұсынып отырған біртүрлі тапсырмасы болып отыр. "188 Б" тапсырмасында: "Бауырсақтың визит карточкасын жаса ", — делінеді. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беру керек: "1. Бұл не? 2. Оның қазақтардың өміріндегі рөлі. 3. Оның ерекшелігі неде? 4. "Бауырсақ күнін" мерекелеуге қатысу. 

"Мен, автордың балалардың ой-өрісін дамытуды және ойлау жүйесінің кеңінен әрі креативті болып дамуын қалағанына сеніп, тіпті содан үміттімін. Одан басқа ой болуы мүмкін деп те ойлағым келмейді. Бірақ, менің балам мұндай форматтағы орыс тілін оқығанын қаламаймын", — деп қолдаушы өзінің пікірін білдірді. 

Бұл осы жылы ата-аналар тарапынан оқулықтарға қатысты айтылған бірінші шағым емес. Екі апта бұрын батыс-қазақстандық "Мой город" порталының редакциясына оқушылардың бірінің анасы жаңа оқулықтың мазмұнымен көңілі толмайтынын айтып шығымданған. 


Оның айтуынша, оқу құралында келтірілген тапсырмалар оны тығырыққа тіреген: әсіресе оған оқулықта кездесетін "пиарить подкаст через соцсети", "лайкать в соцсетях", "эмотиконы" деген сөздер мен сөз тіркестер ұнамаған. Оған қоса, ата-аналар орыс тілі пәнінен оқушыларға баға емес, оның орнына "есептелді/есептелген жоқ" деген белгі қойылатынына көңілдері толмады..

Бұл ретте Білім министрлігі дайындаған видео-жауапта: оқулықтың авторы, бұл тапсырма ауызша сөйлеу тілі мен ресми тілдесу лексикасын ажырата білу қабілетін игеру үшін арналғанын айтып өтті.