Орыс тілінің болашағы жоғын жазған Аятжан Ахметжанұлын сотқа бергелі жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс тілінің болашағы жоғын жазған Аятжан Ахметжанұлын сотқа бергелі жатыр

Орыс тілінің болашағы жоғын жазған Аятжан Ахметжанұлын сотқа бергелі жатыр

Орыс тілінде білім алушылардың елімізде біртіндеп азайып бара жатқанын нақты фактілермен дәлелдеген Аятжан Ахметжанұлы «Балас

  • 13 Шiлде 2017
  • 18472
Фото - Caravan.kz

Орыс тілінде білім алушылардың елімізде біртіндеп азайып бара жатқанын нақты фактілермен дәлелдеген Аятжан Ахметжанұлы «Баласын орыс сыныбына беретіндерге жаным ашиды» деген тақырыпта екі тілде (орыс және қазақ тілдерінде) мақала жазған болатын. Аталған материалдың орыс тіліндегі нұсқасы (Я искренне сочувствую казахстанцам, отдающих детей в русскую школу, деген тақырыппен басылды) әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ондағы шындыққа шыдамаған ресми тілде оқып, жазатын қауым енді Аятжан Ахметжанды сотқа бергелі жатқан көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.


Ал сотқа қол жиналып жатқаны жайлы автордың өзі фейсбуктегі жеке парақшасында былай деп жазды:

Мені орыс тілінің намысына тиді, – деп сотқа бергелі қол жинаймыз, – деп жатыр екен…
Кезінде біз қазақ тілін қорлады, – деп сотқа жүгінуші едік…
Бұл да заманның бізге бұрылғаны…
Беріңдер мен еш тілді қорламадым…
Шындық сондай ащы! Қабылдасаң да, қабылдамасаң да тарих қабылдатады…

Соңғы жаңалықтар