"Орысша боқтықтың түбін түсіреді": Дана Нұржігіт елімізге танымал филолог Назгүл Қожабек туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орысша боқтықтың түбін түсіреді": Дана Нұржігіт елімізге танымал филолог Назгүл Қожабек туралы

"Орысша боқтықтың түбін түсіреді": Дана Нұржігіт елімізге танымал филолог Назгүл Қожабек туралы

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт елімізге танымал филолог, тіл жанашыры Назгүл Қожабек туралы өз ойын ортаға салды.

  • 8 Сәуiр
  • 81
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дана Нұржігіт өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

“-уда,-уде. Жазыл-уда, күтіл-уде. Болып табылады. Айтатын боламын… ”Ол осы “ғажайыбы көп”калька қазақшамен күресіп жүрген адам. Қазақтарға күйініп, орысша боқтықтың түбін түсіріп, нақақтан нақақ “жала жапқандарды” “наққа” жібере салатын долы, дүлей мінезі тағы бар. Осыдан бір ай бұрын сол дауылдан кейін бес-ақ жыл өмір сүріп келе жатқан, шатқаяқтап қаз-қаз тұрған “Калькасыз қазақша” телеграм каналын тарс жауып кетіп қалған еді. Битке өкпелеп… Ел болып, жұрт болып “бір ашуыңды бер енді” деп қайтарып алдық. Жарайды деп қайтып келіп еді, бүгін алдынан шығып, торт көтеріп тұрып тағы күйдірдік. Зығырданы қайнайтын “туыЛған күнін” әндетіп тұрдық.

“Әй,туыЛған емес! Туған күн ғой!“ деп бізге айқайлай алмады. Қысылды. Біз де ду күліп, құшағымызға алдық. Ол-Назгүл Қожабек. Әзірейіл-редактор. Елдегі қазақ мәтіндерді майшаммен қарайтын “Майқанова апай”. Жердегіні қойып, енді ол көктегі “Эйр Астананың” “белдемшеңізді тағып алыңызын” бір шыбықпен айдап жүр. Қазақшаны дұрыс сөйлеп, дұрыс жазбайтындарды жер қылады. Ал, тілді құрметтеп, сөзге абай болатындарды көкке көтереді. Өйткені сүйеді, тілді сүйеді.

Тіліміздің біреудің жетегіне көнген малдай ерме тіл болып кетуін қаламайды. Сол үшін күреседі, оқыс сөйлейді, оғаш көрінеді, айқасады, боқтасады. Бірақ, төл тілінің заңымен санасу керектігін дәлелдейді.  Құдай қуат берсін саған, Назгүл!», — деп жазды ол.