Орысша жауап бермегені үшін қазақ келіншегі екі тісінен айырылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орысша жауап бермегені үшін қазақ келіншегі екі тісінен айырылды (ВИДЕО)

Орысша жауап бермегені үшін қазақ келіншегі екі тісінен айырылды (ВИДЕО)

Орысша жауап бермегені үшін қазақ  келіншегі екі тісінен айырылды.

  • 21 Маусым 2022
  • 10103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіге видео жариялаған азаматша:

"Құрметті тіл майданы менің есімім Рақышева Гаухар Мұратқызы. Мен Боралдай кентінде тұрып жатырмын. Жамбыл облысының тумасымын. Айтайын дегенім кішкентай ғана осы Боралдай кентіндегі базарда кішкене ғана дүкеншем бар. Өзім міндетті түрде салық төлеп , шағын жұмысымды атқарып жүрмін. Жалғыз басты анамын.  
 

Сіздерге шыққан себебім :

16 маусым күні таңертеңгі уақытта дүкенде артқа қарап зат өлшеп тұр едім  біреу келіп товарымның бағасын сұрады, мен оған қарай алмадым, қапты жанымда ұстап тұрдым да содан кейін, тек қана қазақша жауап бердім өзімнің ана тілімде.
Содан ол кісіге көз қырыммен қарап едім , бір кісіден сұрап тұр екен, мен мынаны түсінбедім маған аударып беріңізші не деп айтты деп. Ол кісі де үндемеді теріс қарады да кетіп қалды. Сөйтсем базардың ішіне кіріп кеткен, қайтадан айналып келеді де маған айтады: 

Сен орысша біледі екенсің ғой деді. 
"Ты оказывается знаеш русский язык. Почему ты со мной не разговариваешь на русском языке.
Ты обязана" — деді. Кімге міндеттімін дедім . Сөйтсем сен маған міндеттісің орысша сөйлеуге деді. Осы сөз қатты намысыма тиді менің. Мен сізге ештеңеге міндетті емеспін дедім . Өзім қатты ауырып тұрған едім ол кезде. Содан ол кісі біліп тұрмын кішкене қызу қанды адам екенін, сондай ұрысқа жақынырақ, мен оны артынан ғана байқадым.
Содан ол кісі: сен міндеттісің деген артынан тұрып, указ туралы  бірнәрсені айтты.

Енді ауырған адамға не керек ештене керек емес қой тұрдым: "Барыңызшы дедім , барыңыз дедім.


Жоқ мен бармаймын мынаның бағасын білу керекпін деді,- маған.

Содан қызу қандылықпен шынтағымен аузымнан ұрып жіберді де екі тісімді босатып қанатып жіберді.

Содан тіс дәрігеріне бардым, мен жағдайды қатты дауға айналады деп ойламадым. Тіс дәрігері сотқа дейін барғысы келмеді ма әйтеуір әр нәрсені сылтауратып маған қағазды бермей отыр",- дейді.

Желі оқырмандары: "Қазақтың қазаққа жаны ашиды ғой", "оңбаған неме, өзінің тісін сындыру керек","Масқара","Сотқа дейін барсыншы",- деп жазды.