Ош әуежайында ТУ-134 ұшағының апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ош әуежайында ТУ-134 ұшағының апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Ош әуежайында ТУ-134 ұшағының апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Ош әуежайында ТУ-134 ұшағының апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

  • 28 Желтоқсан 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Республикамыздың Қырғызстандағы консулдығының хабарлауынша, онда қазақстандықтар жоқ. Жалпы, қаза болғандар да жоқ», — деді ол ҚазТАГ-қа телефон арқылы.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні 12 сағат 48 минутта Ош қаласының әуежайында «Қырғызстан» әуе компаниясының Бішкек-Ош бағытындағы Ту-134 ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ ұшу-қону алаңына түсіп, бір жақ қырына құлаған, лайнердің шассиі мен қанаты сынды. Сондай-ақ, лайнерде өрт шыққан. Оның бортында 69 ересек және 13 бала болған, оның 9-ы – нәрестелер. Апаттың алдын ала себебі – жолдың кқрінбеуі.

Оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Ош әуежайы жабылды.

Перейти к новостям спорта