Ө.Шөкеев «ҚазАгро» холдингінің қызметімен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ө.Шөкеев «ҚазАгро» холдингінің қызметімен танысты

Ө.Шөкеев «ҚазАгро» холдингінің қызметімен танысты

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгро» холдингінің қызметімен танысты.

  • 4 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізге белгілі, бізде Елбасының тапсырмасымен мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асып жатыр. 1 шілдеден бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы кедендік бақылау алынып тасталды. Қазір шекарада барлық бақылау алынып, бізге экспорттық тауарларды Ресейдің нарығына жеткізуге барлық мүмкіншілік туып отыр. Сондықтан осы бағдарламаның іске асырылу барысын қадағалап, биыл кейбір мәселерін талқылаудың реті келіп тұр», — деді ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.

Оның атап өтуінше, бұл бағдарлама бойынша 5 жылдың ішінде елімізде 300 мың бас ірі қара малға арналған фермерлік шаруашылықтар құрылады.

Сол шаруашылықтардың барлығы облыстарда құрылып жатқандығын атап өткен Ө.Шөкеев: «Қазір 10 мың бас асыл тұқымды ірі қара елге алып келінді. Олардың 2,5 мыңы былтыр жеткізілсе, 10 мыңы ағымдағы жылы әкелінеді. Оның 2,5 мыңы биылғы қыста өте жақсы қыстап шығып, төл алынды. Осының барлығы бағдарламаның дұрыс бағытта жүргізіліп отырғандығын дәлелдейді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар