ОСК ақпараттық баянында айтылғандай, бюллетеньдер республикалық «ҚР Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасы» мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылады.
ОСК хатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, бюллетеньдер саны тізімдегі сайлаушылардың барлық санынан 1% артық резервті қоса есептегенде 9 млн 191 мың 977 дана болмақшы. Олар акті бойынша облыстық сайлау комиссиялары мен Астана және Алматы қалаларына 25-ші наурыздан бастап тапрысылады.
Аталған комиссиялар бюллетеньдерді учаскелік сайлау комиссияларына 1-ші сәуірден кешіктірмей жеткізулері тиіс.