Жарияланды: 460

Өскемен әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия Президенті атынан Орден табыс етілді

Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия президенті атынан отансүйгіштігі үшін ордені табыс етілді.

Қазақстанның шекарасындағы облыс орталығының әкіміне Орденді Баян-Өлгий аймағы қауіпсіздігінің бастығы Қоқон Нұрдиханұлы табыс етті. «Моңғолия Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұл ордені Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішевке Нұрлы көш кентінің құрылысы үшін және тарихи отанына ат басын бұрған отандастарын қолдағаны үшін берілді», - дейді Қоқон Нұрдиханұлы. «Менің қызметіме осылай назар бөлінгендігі мені толқытады. Біздің еліміз егемендіктің алғашқы күндерінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында отандастырымызды елге қайтару жұмысын белсенді атқарып келеді. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет!», - деді өз сөзінде Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін