Өскемен әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия Президенті атынан Орден табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия Президенті атынан Орден табыс етілді

Өскемен әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия Президенті атынан Орден табыс етілді

Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішевке Моңғолия президенті атынан отансүйгіштігі үшін ордені табыс етілді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның шекарасындағы облыс орталығының әкіміне Орденді Баян-Өлгий аймағы қауіпсіздігінің бастығы Қоқон Нұрдиханұлы табыс етті.

«Моңғолия Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұл ордені Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішевке Нұрлы көш кентінің құрылысы үшін және тарихи отанына ат басын бұрған отандастарын қолдағаны үшін берілді», — дейді Қоқон Нұрдиханұлы.

«Менің қызметіме осылай назар бөлінгендігі мені толқытады. Біздің еліміз егемендіктің алғашқы күндерінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында отандастырымызды елге қайтару жұмысын белсенді атқарып келеді. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет!», — деді өз сөзінде Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев.

Соңғы жаңалықтар