Өскемен ғалымдары қалдықтарды зарарсыздандыру технологиясын ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен ғалымдары қалдықтарды зарарсыздандыру технологиясын ойлап тапты

Өскемен ғалымдары қалдықтарды зарарсыздандыру технологиясын ойлап тапты

Өскемен ғалымдары инновациялар бойынша өткен облыстық кеңесте құрамында күшән бар шикізаттарды, қалдықтар мен өнеркәсіп өнімдерін зарарсыздандыру технологиясын ұсынды, деп Шығыс Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 695
Фото - Caravan.kz

«Технологияны «Өскемен жаңа технологиялар ғылыми өндірістік кешені» ЖШС әзірледі. Ол (технология – ҚазТАГ) патенттеліп, және технологиялық регламент алды. Жоба құны Т200 млн», — деді әкімдіктен.

Өндірісті орналастыратын база ретінде қуаты 20-30 МВт болатын электр пештері орнатылған Риддер қорғасын зауытын, сондай-ақ «Қазмырыштың» өскемендік алаңындағы электротермикалық цехын пайдалану ұсынылды. Жобаны іске асырғанда қосымша 500 жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатының қала маңындағы қоқысында 400 мың тоннадай кальций арсениті және арсенаты түріндегі, құрамында күшән бар қалдықтар жатыр. Олар бірінші-екінші класстық қауіптілігі бар заттар болып есептеледі. Осы қалдық қоймаларының сүзгілік тоспаларының жеткілікті болмауынан қаладағы Үлбі ауданының сулы қабаттарында 1998-1999-шы жылдары күшән, талли, селен, сынап, кадмий, қорғасынмен ластануы өте жоғары екендігі анықталған. Ағымдағы жылы маусымда қаладағы Октябрь ауданындағы су алатын құдықтарда, қорғасын және кадмимен ластануы себепті 43 скважинаның 7-еуі жабылды.

Соңғы жаңалықтар