Жарияланды: 430

Өскемен: мәдениетсіз адамдармен күрес ерекше роликтен басталды

Өскеменде қақырынып-түкірініп жүретін адамдарды түйеге теңейтін әлеуметтік жарнама түсірілуде. Мәдениетсіздік  тұрғындармен күресті жергілікті өзін-өзі басқару комитеті осылай бастамақ.

Сценарий бойынша, үнемі аузынан шылымын тастамайтын  азамат көрінген жерге түкіріп, жан-жағын ластап жүреді. Жаман әдеттен арыла алмаған ол ақыры  түйеге айналып,  хайуанаттар бағындағы ақ бураның қасына темір торға қамалады. Бейнероликте басты кейіпкердің түйеге айналуы да бекер емес, өйткені жануарлардың ішінде  түкірудің шебері аталатын  осы қосөркешті.  Айта кету керек, роликке қаланың қарапайым тұрғындары қатысуда.  

Аңсар Ешінбаев,түсіру тобының мүшесі:

- Он адамның бесеуі ойланса, оның өзі үлкен жетістік, он адамның бесеуі түкірмей, темекі тартпаса,  біз үшін жетістік қой.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін