Өскемен: мәдениетсіз адамдармен күрес ерекше роликтен басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен: мәдениетсіз адамдармен күрес ерекше роликтен басталды

Өскемен: мәдениетсіз адамдармен күрес ерекше роликтен басталды

Өскеменде қақырынып-түкірініп жүретін адамдарды түйеге теңейтін әлеуметтік жарнама түсірілуде. Мәдениетсіздік  тұрғындармен күресті жергілікті өзін-өзі басқару комитеті осылай бастамақ.

  • 9 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сценарий бойынша, үнемі аузынан шылымын тастамайтын  азамат көрінген жерге түкіріп, жан-жағын ластап жүреді. Жаман әдеттен арыла алмаған ол ақыры  түйеге айналып,  хайуанаттар бағындағы ақ бураның қасына темір торға қамалады. Бейнероликте басты кейіпкердің түйеге айналуы да бекер емес, өйткені жануарлардың ішінде  түкірудің шебері аталатын  осы қосөркешті.  Айта кету керек, роликке қаланың қарапайым тұрғындары қатысуда.  


Аңсар Ешінбаев,түсіру тобының мүшесі:

— Он адамның бесеуі ойланса, оның өзі үлкен жетістік, он адамның бесеуі түкірмей, темекі тартпаса,  біз үшін жетістік қой.

Соңғы жаңалықтар