Өскемен маңында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтерілді
Глубоков ауданындағы Прапорщиково ауылының қасынан өтетін Ертіс өзенінде су көтеріліп, соның салдарынан жер асты суларының деңгейі жоғарылады. 3 тұрғын үйді су басып қалу қаупі туындады. ТЖ хабарлағандай, су басу қаупін жою үшін шлак салынған екі КамАЗ көлігі келіп жетті, ұзындығы 40 метр, биіктігі 60 см ыдыс-қаптан жасалған бөгет жасалды. Оқиға орнында ТЖ және жергілікті атқарушы биліктің шамамен 30 адамы жұмыс істеді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін