Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
44 қалалық бағыттарға электронды билет жүйесін енгізуге шамамен 1 млрд теңге қаражат қажет. Бюджеттен бұл қаржының 30%- ғана бөлінеді, қалғаны – жеке қаражаттан. Серіктесті белгілеу бойынша конкурс жуықта жарияланады.
Бағдарламаның әкімшілігі облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады. Басқарма бұл жобаны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік инвестициялық ұсынысты әзірлеп қойған.
«Электронды билет жүйесі қалалардың көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталады», — дейді Өскемен әкімдігінде.