Өскемен: өмірімен қоштаспақ болған 36 жастағы азаматты құтқарушылар аман алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен: өмірімен қоштаспақ болған 36 жастағы азаматты құтқарушылар аман алып қалды

Өскемен: өмірімен қоштаспақ болған 36 жастағы азаматты құтқарушылар аман алып қалды

Өскеменде өзенге секіріп, өмірімен қоштаспақ болған 36 жастағы азаматты құтқарушылар аман алып қалды.

  • 19 Шiлде 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz


Таңғы сағат ондар шамасында Ертіс өзеніндегі көпірден суға секіргелі тұрған адамды қала тұрғындары байқапты. Олар құтқару қызметін шақырғанша азамат Ертіске секіріп кеткен. Ағысы қатты өзен оны бірден ағызып әкетті. Дегенмен жігіт орта жолда өзеннің терең жеріне қойылатын бағандардың біріне ілініп қалған. Дәл сол кезде жеткен құтқару қызметінің мамандары оны жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Әбден тоңып, есінен танып қалған азамат қазір қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Жалпы бүгін Ертіске секіріп, өлмек болған бұл жалғыз адам емес. Өскемендік 60 жастағы қария да бөгеттен секіріп, суға кеткен. Өкінішке орай, оған құтқарушылар да, куәгерлер де араша түсе алмады.

Соңғы жаңалықтар