Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов Өскемен қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұл орынтаққа Манарбек Сапарғалиев отырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қыркүйек 2006
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Өскемен — Шығыс Қазақстанның жүрегі. Ол еңбеккерлердің қаласы. Шығыс Қазақстан облысының қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Сол себепті қала әкімінің бір басты мақсаты — осы даму қарқынын сақтап оны әріқарай үстемелеу»,- деп мәлімдеді В.Храпунов жаңа әкімді қала активіне таныстыру барысында.

Облыс әкімі жаңа басшының алдына қойылатын басты міндеттер ретінде тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыс және жолдарды жөндеуді атады.

М.Сапарғалиев 1963-жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Огневка ауылында туған. Алматы халықшаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. Алматыда мемлекеттік сақтандыру саласында жұмыс істеген. 90-шы жылдарда Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы мемлекеттік сатып алу департаменті директорының бірінші орынбасары болды. 2005-2006-жылдарда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2006-жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі тағайындауға дейін Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта