Өскемен қаласының әкімі автотасымалдаушылардың бағаны қымбаттату туралы шешімін "ультиматум" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен қаласының әкімі автотасымалдаушылардың бағаны қымбаттату туралы шешімін "ультиматум" деп атады

Өскемен қаласының әкімі автотасымалдаушылардың бағаны қымбаттату туралы шешімін "ультиматум" деп атады

Өскемен қаласының әкімі Александр Быстров автотасымалдаушылар қауымдастығының қалалық транспортпен қатынау бағасын қымбаттату туралы шешімін "ультиматум" деп атады. Бұл туралы қалалық әкімшілік басшысы 3-қазанда журналистермен кездесуде мәлімдеді.

  • 4 Қазан 2005
  • 444
Фото - Caravan.kz



«Бұл әрекетті мен қалаға ультиматум қою деп бағалаймын. Мұндай көзқараспен келісуге болмайды»,- деді А.Быстров.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Шығыс Қазақстан авто тасымалдаушыларының одағы» Қауымдастығы 10-қазаннан бастап қоғамдық көлікпен қатынау бағасы 35 теңгеге дейін арттырылатынн мәлімдеген болатын. Қауымдастық басшылығы бұл шешімді жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен авторезинаның қымбаттауымен байланыстыра түсіндірген.
Ал қалалық билік мұндай әрекеттермен келісе алмайтынын мәлімдеп отыр. «Қала тұрғындарының мүддесі мен құқықтарына қайшы келетін мұндай шараға біз жол бермейміз»,- деп мәлімдеді әкім. «Егер авто тасымалдаушылар өзара бірігіп, базардағы монополис ретінде бізге шарт қоямыз деп ойласа, онда қателескені»,- деді А.Быстров. «Біз мұндай әрекетке қарсымыз және тендер шарттарын қайта қарауға мүмкіндігіміз бар»,- деді ол.
Қалалық әкімшілік автотасымалдаушылар қауымдастығына шешімді өзгертуді ұсынды. Олай болмаған жағдайда тендер шарты қайтадан қаралып, жаңа байқау өткізіледі, деді әкім.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта