Өскемен: тубдиспансерде емделіп жатқандар наразылық шарасына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен: тубдиспансерде емделіп жатқандар  наразылық шарасына шықты

Өскемен: тубдиспансерде емделіп жатқандар наразылық шарасына шықты

Өскемендегі тубдиспансерде емделіп жүрген науқастар бүгін шу көтерді. Айтуларынша, ем қабылдап жатқан мекемедегі жағдай тым нашар, науқастар тоя тамақ ішуден қалған. Тіпті мұндағы қызметкерлер дәрі сұрап барған сырқаттарға балағат сөз айтып қана қоймай, жұдырық ала жүгіруден де тайынбайтын көрінеді. Бірақ диспансер басшылығы мұның барлығы «жала»деп отыр.

  • 16 Шiлде 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Күні бойы ботқадан басқа түк жемейміз» деп шағымданған  топтағылардың алды жылдап, соңы айлап туберкулезден ем қабылдап жатыр. Олар емхананың құнарсыз тамақтарынан «әбден мезі болдық» дейді.

Кеңесхан Қазанбаев, емделуші:

— Асханада  арпа, жарма, тарыны үш уақыт береді, жеміс-жидек деген мүлдем жоқ.  Төрт айда бір-ақ рет алма, бір кәмпит берді.

Айтуларынша, емдеу орнындағы мейірбикелер де науқастарға дөрекі сөйлеп, сапасыз қызмет көрсетеді екен.

Сергей Толстопятов, емделуші:

Мінеки,бүгінгі таңғы ас мынау,  Былай қарасаң,ептеп ұқсайды,тамаққа:  су мен АРПА, не майы, не тұзы жоқ. Мейірбикелер тіпті басымен кеткен. Мына күре тамырларымның өзіне дәлдеп ине қадай алмайды. Мұнысымен қоймай,ауыздарынан шығатыны балағат.

Бірақ емхана басшылығы бұның барлығын жоққа шығарып отыр. Олардың сөзінше, бұл наразылықты қаладан алшақ Канайка және Шар елді-мекеніне барып, мәжбүрлі ем қабылдаудан бас тартқан, бір-екі азамат әдейі ұйымдастырыпты.


Шәрбат Қалиева, ШҚО туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігерінің орынбасары
:

— Дәрігерлердің де, орта буынды мейірбикелердің де категориялары бар. Қолдарында сәйкестелген қағаздары бар.  Үш уақыт ыстық тамақ, сүт және шырын беріліп тұрады. Сондықтан осыны біз қасақана ұйымдастырған жағдай деп ойлаймыз.

Қазір облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 540 адам емделіп жатыр. «Олардың көпшілігі түзету мекемелерінен жаңа босағандықтан, осындай шу көтеруге жақын жүреді»-  дейді дәрігерлер. Дегенмен бүгін наразылыққа шыққан науқастар 40 адам қол қойған арыздарын енді құзырлы органдардың қолына тапсырмақ. 

Соңғы жаңалықтар