Өскемен түбінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «Үлбі металлургия зауыты» салған бірегей балаларды сауықтыру лагері ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен түбінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «Үлбі металлургия зауыты» салған бірегей балаларды сауықтыру лагері ашылды

Өскемен түбінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «Үлбі металлургия зауыты» салған бірегей балаларды сауықтыру лагері ашылды

Бүгін Өскемен түбінде «Үлбі металлургия зауыты» салған Кеңес Одағының Батыры Александр Матросов атындағы балаларды сауықтыру лагері күрделі қайта жөндеуден кейін келушілерге есігін ашты.

  • 8 Шiлде 2011
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бірінші маусымы сонау 1952 жылы ашылған бұрынғы пионерлер лагері қайтадан салынды деп айтса да болады. Ескі құрылыстар бөлшектеліп, олардың орнына 19 тұрғын-коттедж бой көтерген. Оның ішінде 13 коттедж жаңадан салынса, 6 коттедж уақыт талабына сай қайта құрастырудан өткізілді. Үш жаңа корпус екі қабатты, ал тоғыз корпус бір қабатты болып салынған. Олардың әрқайсысы 20 балаға және екі тәрбиешіге арналған.

Лагермен таныс болған соң Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бұл жерде балалардың бақыты үшін, жақсылап көңіл көтеріп, жаңа білім алуы үшін барлығы жасалғанын атап өтті. «Бұл лагердің тағы бір ерекшелігі — оның тамаша табиғат аясында, шатқалда, қарағай мен тау бұлақтарының арасында орналасуы. Біздің елімізде балаларға көп көңіл бөлінеді, және де осындай бірегей балалар лагерінің ашылуы еліміздің болашағы — балалар үшін үлкен сый», — деді Б.Жұмағұлов балалардың денсаулығы үшін үлкен үлес қосқан кәсіпорын басшылығына алғысын айта келе.

Өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы Владимир Школьник сауалнама арқылы жүргізілген сұхбатында 3 мың балаға арналған сауықтыру орталығының ашылуы Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы болғанын және ол міндет орындалды деген ойын жеткізді.

Сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жақын арада атом кәсіпорыны Өскемен қаласында жалпы құны 480 млн. теңге болатын 280 балаға арналған балабақша ашады. Осы сауықтыру орнының құрылысына кәсіпорын 1 млрд. 45 миллион қаражат бөлген.

Соңғы жаңалықтар