Өскемен тұрғыны полицейдің суретінің астына пікір қалдырғаны үшін жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен тұрғыны полицейдің суретінің астына пікір қалдырғаны үшін жауапқа тартылды

Өскемен тұрғыны полицейдің суретінің астына пікір қалдырғаны үшін жауапқа тартылды

Прапорщиков ауылының тұрғыны полиция қызметкерінің суретінің астына пікір жазып кеткені үшін айыпты деп танылды.

  • 10 Наурыз 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Ауыл тұрғыны полицейдің қызметтік көліктің қасында тұрып түскен суретіне, қорлайтын пікір жазған.

Глубоков аудандық полициясы қызметкерінің суреті ВКонтакте әлеуметтік желісінде жарияланыпты. Сурет кезекті патрулдік кезекшілік кезінде түсірілген.

Пікір қалдырушы – 29 жастағы тұрғын екен. Тәртіп сақшысының намысына тиетін пікір қалдырған авторды жылдам тауып, қылмыстық іс қозғалып, сотқа жетіп үлгерген.


Билік өкілін балағаттағаны үшін ол енді 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.