Өскемен және Семей қалаларына жаңа әкімдер тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен және Семей қалаларына жаңа әкімдер тағайындалды

Өскемен және Семей қалаларына жаңа әкімдер тағайындалды

Бүгін, 15-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Талғатбек Абайділдиннің шешішімен Өскемен және Семей қалаларына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл жайында қалалық әкімшілікте өткен актив жиналысында облыс әкімі жария етті. KZ-today тілшісіне бұл жаңалықты Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 574
Фото - Caravan.kz

Өскемен әкімшілігін Амангелді Қажыбаев, Семей әкімшілігін Нұрлан Омаров басқаратын болды.

А.Қажыбаев Шығыс Қазақстан облысында 1943-жылы туған. Қазақ политехникалық институты мен Алматы жоғары партия мектептерін бітірген. 90-шы жылдардың басында «КРАМДС-Цветмет» және «Восток-КРАМДС-Цветмет» АҚ-дарын басқарды. ҚР қорғаныс өнеркәсібі комитетіне басшылық жасады. Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, сондай-ақ, қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды. «KEGOC» ААҚ-ның Астанадағы өкілдігін басқарды. 1992-1994 жылдарда және 2000-жылдан бері екі мәрте Шығыс Қазақстан облысының әкімі орынтағын иемденді. Бүгінгі күнге дейін Семей қаласының әкімі қызметін атқарған Амангелді Қажыбаев бұл орында 1 жыл 2 ай 10 күн отырды.
46 жастағы Нұрлан Омаров Қазақ политехникалық институты мен Алматы саясаттану және басқару институтының түлегі. Қазақстан жастар одағының бірінші хатшысы, Елбасының Қарағанды облысындағы өкілі болды. Мемлекет басшысының әкімшілігінде істеді. Бұл Нұрлан Омаровтың Семей қаласының әкімі қызметіне екінші мәрте тағайындалуы. Ол қалалық әкімшілікті 2000-2001-жылдарда басқарған. 2001-жылдың қараша айынан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар