Өскемен: жеке фирманың күзетке қойған иттері 4 жасар баланы талап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен: жеке фирманың күзетке қойған иттері 4 жасар баланы талап тастады

Өскемен: жеке фирманың күзетке қойған иттері 4 жасар баланы талап тастады

Өскеменде  төрт жасар баланы ит талады! Жеке фирманың күзетке қойған иттері сәбиге аулада ойнап отырған жерінде бас салған. Қазір емханада жатқан Богдан Мызниковтың жағдайы тәуірболғанымен,  әлі бас көтере алмай жатыр.  Бұл Өскеменде орын алған   жалғыз оқиға емес. Азулы иттерден зардап шеккен сәбилер саны қалада артып келеді. Өткен айда облыстық балалар емханасында итке таланған 25 сәби емделіпті.

  • 16 Маусым 2011
  • 618
Фото - Caravan.kz

Төрт  жасар Богдан  балалар алаңында әжесімен бірге ойнап отырған. Олар аяқ астынан келген иттерді байқамай да қалыпты. Екі ит бірден Богданға тарпа бас салып, аяғынан тістепүйшіктеріне қарай сүйреп әкеткен.

Немересін иттерден арашалауға әжесінің де әлі келмепті. Иттер тек иелері атап шақырғанда ғана баланы босатқан.

Лариса Мызникова, Богданның әжесі:

Арс ете қалған дауысын ғана естідім. Қарасам,  Богданды екі жақтап сүйреп барады. Жан дауысым шығып айғайлап, елді көмекке шақырдым.

Екі бірдей  иттің азуынан аман қалған  Богданның емханада жатқанына бүгін-үшінші тәулік. Аяғына операция жасалған балдырғанның беті енді ғана бері қарады. Ол  иттің азуына қалай түскенін  тәптіштеп түсіндірмек болды:

Богдан Мызников:

— Мені осылай сүйреп әкетті…

Ешкімнен жасқанбайтын қасқыр тектес иттер осы маңайдағы жеке фирманы күзетеді екен. Тұрғындардың айтуынша, бұлар жиі босжүретін көрінеді. Алайда қожайындары бұны жоққа шығарып отыр. Олар сәбиді талаған иттердің көзін құртуға да асығар емес.


Владимир Паньков, жеке фирманың иесі:

—  Әрине, өкінішті. Біз енді ол балаға ұжым болып көмектесеміз. Жазылып шықса,арнайы лагерьге жібіреміз.

Ал  бес жастағы Камилланы өздері асырап отырған ит тура бетінен қауып алған. Кішкене бүлдіршін қазір “ит” деген сөзді естісе қорқады. Дәрігерлердің айтуынша, балаларды көбінесе өз үйлеріндегі бағып отырған иттері қабады, бірақ ата-аналар бұндай жағдайда итті емес, баланы кінәлайды.

Кенжехан Рақымжанов,Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы травматология-ортопедия бөлімінің меңгерушісі:

Ит қапқан балалардың 98- 99 пайызын,  танитын адамдардың иті немесе өз  иттері қабады. Сондықтан көбіне еш тексерусіз қалып қояды, өз иті немесе туысының иті болған соң ешкім шағымданбайды. Ешқашан ата-аналар итіміз кінәлі деп айтып көрген емес. Бәрі сол бала «өзі барды, өзі тисті»  деп  келеді.

Мамыр айынан бері Шығыс Қазақстан облысында 25, ал жыл басталғалы 85 баланы ит қапқан.

Соңғы жаңалықтар