Өскеменде 6,3 мыңнан астам шаруашылық субьектілері тіркелген, олардың 5650-і жеке меншік шағын кәсіпорындар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде 6,3 мыңнан астам шаруашылық субьектілері тіркелген, олардың 5650-і жеке меншік шағын кәсіпорындар

Өскеменде 6,3 мыңнан астам шаруашылық субьектілері тіркелген, олардың 5650-і жеке меншік шағын кәсіпорындар

2003-жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен Өскеменде 6,3 мыңнан астам шаруашылық субьектілері тіркелген, олардың 5650-і жеке меншік шағын кәсіпорындар (89,5%).Тіркелген шағын кәсіпорындардың 74,8%-і тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық статистикалық басқармасынан хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 769
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын кәсіпкерлік субьектілері (жеке кәсіпкерлерді қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 1 млрд. 73 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді (2002-жылдың тиісті мерзімінде 1 млрд. 80 млн. теңге). Құрылыс саласындағы мердігерлік жұмыстар көлемі 5 млрд. 483 млн. теңге, соның ішінде шағын бизнес субьектілері 1 млрд. 443 млн. теңгенің жұмысын атқарды.

Үстіміздегі жылдың 8 айында шағын кәсіпорындар 1,3 млн. тонна жүк (2002-жылы — 1,6 млн. тонна) және 1,5 млн. жолаушы тасымалдады.
Өскемендегі шағын және орта бизнес саласында 2,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Қалалық тендерлік комиссияның ақпаратына жүгінсек, тауар және қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі 47 байқауда шағын бизнес субьектілерінің үлес салмағы 62,2%-ті, ал жеңімпаздар арасында 56%-ті құрайды.

Соңғы жаңалықтар