Өскеменде алғаш «Мәдени WEEKEND» акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде алғаш «Мәдени WEEKEND» акциясы басталды

Өскеменде алғаш «Мәдени WEEKEND» акциясы басталды

2013 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен өңірде алғаш рет «Мәдени WEEKEND» акциясы бастау алады.

  • 26 Ақпан 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz

Акцияның мақсаты — тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен таныстыру, жаңадан ашылған, құрылған шығармашылық топтармен таныстыру, мұражай және кітапхана қорларымен таныстару.

Әрбір мемлекетік қызметкер көп уақытты жұмыс орнында өткізеді. Аталмыш акция аясында мемлекеттік қызметкерлер мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен танысып, мәдени іс-шараларға қатысып, жақынырақ таныса алады.
Мысалы, театрлар өздерінің жаңа қойылымдарын, мұражайлар өздерінің көрме жұмыстарын таныстырып, экскурсия жүргізеді. Кітапханалар мемлекеттік қызметкерлерді жаңадан игерілген ақпараттық технологиялармен және кітапхана қорымен таныстырады. Облыстық Достық үйі мен облыстық мемлекеттік филармония концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Перейти к новостям спорта