Өскеменде атақты хоккейшінің келіншегін өлтіруі мүмкін деген күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде атақты хоккейшінің келіншегін өлтіруі мүмкін деген күдіктілер ұсталды

Өскеменде атақты хоккейшінің келіншегін өлтіруі мүмкін деген күдіктілер ұсталды

Өскемендік белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін өлтіріп, үйін тонағандар ұсталды.

  • 20 Қазан 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Күдіктілер әзірге  —  екеу. Оларды полицейлер Семейден тапқан. Ұрлаған олжаларының да көзін құртып үлгермесе керек, қолды болған заттардың бәрі сол күйі тәркіленіпті. «Торпедо» хоккей клубының капитаны Евгений Фадеевтің әйелін қылмыскерлер бірнеше күн бұрын тапа-тал түсте өлтіріп, үйін тонап кеткен болатын. Бірақ, хоккейші тұратын қымбат тұрғын үй кешенінің күзетшілері күдікті ешнәрсе байқамапты. Мария Фадеева да спорттан құр алақан емес екен: гимнастикамен айналысқан екен. Әкесі мен ағасы да хоккейшілер. Марияның артында екі кішкентай ұлы қалды.

Соңғы жаңалықтар