Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апатының негізгі себебі көктайғақ болуы мүмкін. Автобустың жүргізушісі тайғақ жолда көлік құралын уақытылы тоқтата алмаған деген болжам жасалып отыр. Жолдан өтіп бара жатқан бойжеткен автобустың астына түсіп қалды.
Оқиға орнына келген дәрігерлер зардап шегушіге көмек көрсетіп, оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. Полицияда әзірге жол апатына қатысты түсініктеме берген жоқ.