Өскеменде аяқдоптан жанкүйерлер арасында турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде аяқдоптан жанкүйерлер арасында турнир өтеді

Өскеменде аяқдоптан жанкүйерлер арасында турнир өтеді

Өскеменде 5-7 желтоқсан күндері "Шығыс майданы" (Восточный фронт) фан-қозғалысы, "Торнадо" фан-клубы мен Encounter (The Game) белсенді қала ойыны халықаралық желісінің қатысушылары арасында аяқдоптан турнир өтеді.

  • 30 Желтоқсан 2010
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оған қазір өтініштер қабылданып жатыр. Үміткерлердің арасында «Торнадо» фан-клубынан Владимир Добровольский, Максим Комаров, Мурад Атаев, Леонид Площаднов, Андрей Якимчик, Руслан Печенкин, Денис Ягорлицкий, «Шығыс майданы» фан-қозғалысынан Дмитрий Зацепин, Малик Калиекперов, Алексей Половинкин бар. Бұл рәсім ертең аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жалпы осы жарысты ұйымдастырып отырған «Восток» футбол клубының жанкүйерлері. Олар 2008 жылы «Шығыс майданы» фан-қозғалысын құрған болатын. Ондағы басты мақсат — «Восток» футбол клубына өз алаңындағы барлық ойындарында және мүмкіндігіне қарай сырт алаңдағы кездесулеріне де жанкүйерлік қолдау көрсету. Фан-қозғалыс сондай-ақ, «Восток» пен ұлттық футбол құрамасының ғана емес, қаладағы өзге спорт түрлері бойынша құрылған командалардың да ойындарына жанкүйер боп қатысады.