Жарияланды: 640

Өскеменде "Бәрі тек рахмет үшін!" атты әлеуметтік дүкен ашылды

Өскемен. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде "Бәрі тек рахмет үшін!" атты жаңа әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл туралы Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының аймақтық филиалының төрайымы Татьяна Цветкова агенттікке хабарлады.

"Дүкен халықтың кедей бөлігіне арналған. Ол қауымдастықтың бастамасы бойынша құрылды. Онда киім-кешек, аяқ киім, кітаптар, сөмкелер мен балаларға арналған заттар, бәрі бар. Барлық тауар тегін таратылады", - деді Т. Цветкова. Ол жерде кірісі туралы анықтаманы ешкім сұрамайды. "Заттарды дүкен ашылардан екі апта бұрын жинай бастадық. Біз тұрғындардан қажетсіз болған, бірақ жақсы жағдайдағы заттарын әкеліп беруді сұраймыз. Дүкен жұмыс істегелі небәрі 8 күн болса да, қазірдің өзінде 100 адам келді. Бізге көбінесе зейнеткерлер мен кедей отбасылардағы студенттер көптеп келеді. Дүкен оқу орындарымен, қаладағы кәсіпорындармен, әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істейді. Жиналған ақпараттардың негізінде көмек сұрап жүгіне алатын адамдардың тізімі жасалады",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін