Өскеменде бауырын құтқармақ болған бойжеткен сіңлісімен қоса суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде бауырын  құтқармақ болған бойжеткен сіңлісімен қоса суға кетті

Өскеменде бауырын құтқармақ болған бойжеткен сіңлісімен қоса суға кетті

Шомылу маусымы басталмай жатып суға батып кеткендер саны артуда. Шығыс Қазақстан облысында соңғы апта ішінде 10 адам судан ажал құшты. Олардың төртеуі – балалар.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 163
Фото - Caravan.kz

Көбі ата-ана қарауынсыз қалдырылғандықтан жазым болған. Сүңгуірлер кеше ғана суға кеткен 4 жасар бүлдіршіннің денесін тапты. Ол әке-шешесінің көз алдында жардан өзенге құлап, ағыспен алыстап кеткен. Туған әпкесі оны құтқармақ болып, өзі де көз жұмды. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі барлық өзендердегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген. Ал қауіп тіпті жағалаудан да келуі мүмкін екен.