Өскеменде базар басшылығына наразы саудагерлер шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде базар басшылығына наразы саудагерлер шу шығарды

Өскеменде базар басшылығына наразы саудагерлер шу шығарды

Бүгін Өскеменде саудагерлер шу көтерді. Айтуларынша, жабық сауда орындары үшін ақы төлеп қойса да тиісті орындарына жайғаса алмай отыр. 1-ші қарашадан бастап сауда орны ғимаратының ішіне көшірілуі тиіс болған екен. Бірақ ондағы орындар басқа адамдарға үлестіріліп қойыпты.

  • 6 Қараша 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz

Бұл көкөніс пен жеміс-жидекті көтерме бағамен сататын қаладағы жалғыз базар. Жазда сауда сыртта қыза түссе, қыста саудагерлер жылы ғимарат ішіне көшетін. Биыл да әдеттегідей болады деген олар қателесіпті. Сатушылар бүрсеңдеп далада қалған, тауарлары болса үсіп, шығынға батып жатыр. 

Айтуларынша, базар басшылығы жылы кешен ішіндегі бір орынды екі адамға сатқан. Наразы топтың айқайын естіп шыққан мына кісі — базардағы аға бақылаушы. Тілшілерді көргенде ол да жалт берді. 

— Немене шешесің осы жерде айтшы?

— Жоқ, жүріңіздер, өзіміз шешейікші!

— Жоқ, шешкенде айт, осы жерде, жалға беру қанша болатынын?

Онымен қоса жылы ғимаратта ай сайынғы төлем 54 мыңнан 100 мың теңгеге шарықтап кеткен.  


Жанар Үсенова, саудагер:

— Несиеміз бар. Біз ол несиені төлейміз бе, бала-шағамызды асыраймыз  ба? Алде жалдың орнын ғана төлеуіміз керек пе? Сонда біз ешқандай табыс тауып жатқан жокпыз.  

Жанна Шаяхметова, саудагер:

Сөйлесейік дейсің, алдыңа барсаң не деп шығасың? «Орын бермеймін» деп қорқытасың. Ал енді сөйлесейік деп тұрсың? Бірдеңе десек «қара тізімде черный списокта» барсың деп шығасың. Мен немене кісі өлтіріппін бе «қара тізімге» кіретіндей?

Енді далада қалған саудагерлер жалға беру құнын төмендетуді сұраған өтініштері ескерусіз қалса, жергілікті биліктің алдына баруға бел буып отыр.

Соңғы жаңалықтар