Өскеменде бір түнде бес көлікті өртеп жіберді деген күдікпен 19 жастағы бозбала ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде бір түнде бес көлікті өртеп жіберді деген күдікпен 19 жастағы бозбала ұсталды

Өскеменде бір түнде бес көлікті өртеп жіберді деген күдікпен 19 жастағы бозбала ұсталды

Өткен демалыс күндері облыс орталығында қаскүнемдер бірден бес көлікті өртеп жіберген.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

Полицейлер Алматы облысының бұған дейін сотталған тұрғынын осы қылмысқа күдікті деп тапты, деп хабарлайды YK-avto.kz.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 27-нен 28-не қараған түнінде қаланың бірден екі ауданында көлік тұрағына қойылған автомобильдер өртенді. Бірінші болып Космическая көшесінде тұрған «Шкода Йети» көлігі өртенді. Одан шыққан жалын қасында тұрған «ВАЗ 2115» көлігін шарпыды. Кейінірек Ворошилов көшесінде тұрған үш көлік жалынға оранды. Таяуда тәртіп сақшылары «Шкоданы» өртеуге қатысы бар адамды ұстады.

«Космическая көшесінде көліктерді өртеп жіберу фактісімен Алматы облысының бұған дейін сотталған 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде онымен тергеушілер жұмыс істеуде. Ворошилов көшесінде көліктердің өртенуі фактісімен іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Өскемен қалалық ІІБ-нан. 


Соңғы жаңалықтар